★Аграрлық факультет
Аграрлық факультет деканымен кофе-брейк
2023 жылдың 19 қыркүйегінде М.Әуезов атындағы ОҚУ №5 жатақханада тұратын студенттер үшін Аграрлық факультетінің 20 жылдығына арналған «Деканмен салтанатты кеш» атты дастархан жайылды. Кешті Аграрлық факультет деканы Г.Р.Тастанбекова және факультет ұжымы ұйымдастырды. Кешкі ас үстінде Гүлнәр Рахымбердіқызы студенттік жылдары туралы айтып, студенттерді нормативтік құжаттармен таныстырып, оқудағы жетістіктері үшін жоғарылатылған шәкіртақы алу мүмкіндігін айтып, студенттерге алдағы сессияға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, студенттер алдында кафедра меңгерушілері А.Қ.Жылқыбаев, П.С. Сұлтанбекова, А.Т. Күзербаева сөз сөйледі. Кешкі ас барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауаптар алды.



Басқа жаңалықтар

Ветеринарлық медицина
+ Сарыбаев Ыктияр Уалибекович PhD доктор, кафедра меңгерушісі Байланыс мәліметтері: Ғимарат №9 , 102 кабинет Жұмыс телефоны: 87252-32-23-37 + Жанбырбаев Мухтар

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Аграрлық факультетінің бірінші курс студенттері Білім күнін мерекелік концертпен қарсы алды
1 қыркүйекте М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Аграрлық факультеттің бірінші курс студенттерімен салтанатты кездесу өтті. Шара жаңа оқу жылы

Халықаралық ынтымақтастық: Самарқанд мемлекеттік университетінің Ташкент филиалымен тәжірибе алмасу
М.Әуезов атындағы ОҚУ Аграрлық факультеті халықаралық әріптестікті белсенді дамытуды жалғастыруда. Оқу-әдістемелік және ғылыми ынтымақтастықты нығайту аясында «