★Аграрлық факультет
Аграрлық факультетте оқулықтың тұсаукесері өтті
2023 жылдың 13 қарашасында Аграрлық факультетінің «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының ғалымдары «Сумен жабдықтау мен су бұру жүйесі» оқулығының тұсаукесерін өткізді. Іс-шара М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80 жылдығы мен Аграрлық факультетінің 20 жылдығына арналып отыр.
Авторлардың бірі Нұриддин Жарболов өз сөзінде оқулық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тиімді жүргізуге ықпал ететін 20-дан астам қағида, әдістемелер және басқа да мемлекеттік нормативтік құжаттар мен оқулықтардың негізінде жасалып, болашақ құрылыстың техникалық параметрлерін нақтылаудағы зерттеу жұмыстарына өзекті анықтамалармен және иллюстрациялармен бірге берілгенін айтты. Олар қазіргі мән жайды ескере отырып, «Сумен жабдықтау және су бұру» мамандығы бойынша оқығандардың жадын жаңғыртуға, техникалық шешімнің дұрыс қабылданғанын өз бетінше тексеруге арналған. Оқу орындарының оқытушылары мен студенттері арнайы пәндер бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу барысында қолдануға, тақырыптық жоспарға пререквизиттер мен постреквизиттерді енгізу үшін пайдалануына болады.
Іс-шараға Аграрлық факультет деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Г.Р. Тастанбекова, «Өсімдік және мал шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты А.Қ. Жылқыбаев, кітапханашы С.Бименова және кафедраның ПОҚ қатысты.
Шара соңында басылым авторымен қолтаңба сессиясы өтті.



Басқа жаңалықтар

Ветеринарлық медицина
+ Сарыбаев Ыктияр Уалибекович PhD доктор, кафедра меңгерушісі Байланыс мәліметтері: Ғимарат №9 , 102 кабинет Жұмыс телефоны: 87252-32-23-37 + Жанбырбаев Мухтар

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Аграрлық факультетінің бірінші курс студенттері Білім күнін мерекелік концертпен қарсы алды
1 қыркүйекте М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Аграрлық факультеттің бірінші курс студенттерімен салтанатты кездесу өтті. Шара жаңа оқу жылы

Халықаралық ынтымақтастық: Самарқанд мемлекеттік университетінің Ташкент филиалымен тәжірибе алмасу
М.Әуезов атындағы ОҚУ Аграрлық факультеті халықаралық әріптестікті белсенді дамытуды жалғастыруда. Оқу-әдістемелік және ғылыми ынтымақтастықты нығайту аясында «