★Аграрлық факультет
Аграрлық факультеті ғалымдарының Білім тарату орталығының салтанатты ашылуына қатысуы
Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының шақыруымен 2024 жылдың 30 қаңтарында «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі Ә.К. Жылқыбаев, профессор Ж.Ә. Паржанов және ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ж.С. Әбдірайымов Білім тарату орталығының салтанатты ашылуына қатысты. Шараға қатысушылар ауыл шаруашылығы саласындағы жеке кәсіпкерлікті қолдау мақсатында ахуалдық орталық ашу қажеттігі туралы ұсынысты қолдады. «Агрокеңес беру» орталығының басшысы Н.Н.Боранбаевтың айтуынша, БТО демонстрациялық алаңында фермерлер агротехнологиялық шараларды оңтайлы мерзімде жүргізу арқылы органикалық егіншілік элементтері бар дақылдарды өсірудің қарқынды технологияларымен танысады. Сондай-ақ, соңғы жылдардағы фитосанитарлық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, зиянкестерге қарсы шараларды күшейту бойынша тиісті кеңестер берілетін болады.



Басқа жаңалықтар

Ветеринарлық медицина
+ Сарыбаев Ыктияр Уалибекович PhD доктор, кафедра меңгерушісі Байланыс мәліметтері: Ғимарат №9 , 102 кабинет Жұмыс телефоны: 87252-32-23-37 + Жанбырбаев Мухтар

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Аграрлық факультетінің бірінші курс студенттері Білім күнін мерекелік концертпен қарсы алды
1 қыркүйекте М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Аграрлық факультеттің бірінші курс студенттерімен салтанатты кездесу өтті. Шара жаңа оқу жылы

Халықаралық ынтымақтастық: Самарқанд мемлекеттік университетінің Ташкент филиалымен тәжірибе алмасу
М.Әуезов атындағы ОҚУ Аграрлық факультеті халықаралық әріптестікті белсенді дамытуды жалғастыруда. Оқу-әдістемелік және ғылыми ынтымақтастықты нығайту аясында «