★Аграрлық факультет
Аграрлық факультет ұжымы қазақ халқының ұлттық мерекесі - Көрісу күнін атап өтті
2024 жылдың 14 наурызында факультет деканы Г.Р.Тастанбекова профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен мерекелік кездесу өткізіп, жүрекжарды тілектерімен алмасып, бір-бірін құттықтады. Гүлнәр Рахымбердіқызы бұл күннің үлкендерге сәлемдесу, құрмет көрсету күні екенін, сондай-ақ көктемнің алғашқы мерекесі екенін атап өтті. Бұл күні бір-біріне қонаққа барып, көктемнің келуімен құттықтау әдетке айналған. Ертеде, дәл осы күні, көшпелі өмір салтын ұстанған қазақтар қыстың ұзаққа созылған қақаған аязынан кейін барлығының қыстан аман-есен шыққанына көз жеткізіп, дала жаңалықтарымен алмасу үшін көрші ауылдарды аралаған.
Көрісу күні құтты болсын!



Басқа жаңалықтар

Ветеринарлық медицина
+ Сарыбаев Ыктияр Уалибекович PhD доктор, кафедра меңгерушісі Байланыс мәліметтері: Ғимарат №9 , 102 кабинет Жұмыс телефоны: 87252-32-23-37 + Жанбырбаев Мухтар

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Аграрлық факультетінің бірінші курс студенттері Білім күнін мерекелік концертпен қарсы алды
1 қыркүйекте М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Аграрлық факультеттің бірінші курс студенттерімен салтанатты кездесу өтті. Шара жаңа оқу жылы

Халықаралық ынтымақтастық: Самарқанд мемлекеттік университетінің Ташкент филиалымен тәжірибе алмасу
М.Әуезов атындағы ОҚУ Аграрлық факультеті халықаралық әріптестікті белсенді дамытуды жалғастыруда. Оқу-әдістемелік және ғылыми ынтымақтастықты нығайту аясында «