★Аграрлық факультет
"Су ресурстарын тұрақты басқару" халықаралық онлайн-форумы өткізілді
2024 жылдың 12 желтоқсанында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Аграрлық факультетінің "Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника" кафедрасының ғалымдары "Су ресурстарын тұрақты басқару" тақырыбында халықаралық онлайн-форум өткізді.
Форум ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор Ұлан Сейітқазыұлы Сүлейменов пен Аграрлық факультеттінің деканы Гүлнара Рахымбердіқызы Тастанбекованың құттықтау сөздерімен ашылды. Қатысушылар су ресурстарын тиімді басқару үшін ғылым, білім және тәжірибені біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Малайзияның жетекші ғалымдары, сарапшылары, оқытушылары мен бизнес өкілдері жиналған 200-ден астам адам қатысты. Форум климаттық өзгерістер жағдайында су ресурстары саласындағы инновациялар, сын-қатерлер мен перспективаларды талқылаудың негізгі алаңына айналды.



Басқа жаңалықтар

Ветеринарлық медицина
+ Сарыбаев Ыктияр Уалибекович PhD доктор, кафедра меңгерушісі Байланыс мәліметтері: Ғимарат №9 , 102 кабинет Жұмыс телефоны: 87252-32-23-37 + Жанбырбаев Мухтар

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Аграрлық факультетінің бірінші курс студенттері Білім күнін мерекелік концертпен қарсы алды
1 қыркүйекте М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Аграрлық факультеттің бірінші курс студенттерімен салтанатты кездесу өтті. Шара жаңа оқу жылы

Халықаралық ынтымақтастық: Самарқанд мемлекеттік университетінің Ташкент филиалымен тәжірибе алмасу
М.Әуезов атындағы ОҚУ Аграрлық факультеті халықаралық әріптестікті белсенді дамытуды жалғастыруда. Оқу-әдістемелік және ғылыми ынтымақтастықты нығайту аясында «