★Аграрлық факультет
Аграрлық факультет ұжымы онлайн кездесу режимінде Сайрам ауданы мен Шымкент қаласының түлектеріне арналған "Ашық есік күнін" өткізді
2024 жылдың 18 желтоқсанында М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Аграрлық факультеті мен “Кәсіби бағдар беру орталығы” бірлесе отырып, ZOOM платформасында «Талапкерге бағдар» атты Сайрам ауданына және Шымкент қаласына қарасты мектеп бітірушілері мен колледж бітірушілеріне онлайн түрде кәсіби бағдар беру бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында КББО басшысы Т.Зәуірбеков 2025-2026 оқу жылының ҰБТ жаңа форматтары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, Аграрлық факультетінің деканы, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Р. Тастанбекова, “Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы” кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымының кандидаты Ә.К.Жылқыбаев, “Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника” кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.Д.Кенжалиева, “Ветеринарлық медицина” кафедрасының доценті, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, С.Е.Тулеметова факультеттің білім беру бағдарламалары туралы ақпарат беріп, мектеп бітірушілерді университетімізге оқуға түсуге шақырып, алдағы уақытта сәттілік тіледі. Іс шара барысында бітіруші түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.



Басқа жаңалықтар

Ветеринарлық медицина
+ Сарыбаев Ыктияр Уалибекович PhD доктор, кафедра меңгерушісі Байланыс мәліметтері: Ғимарат №9 , 102 кабинет Жұмыс телефоны: 87252-32-23-37 + Жанбырбаев Мухтар

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Аграрлық факультетінің бірінші курс студенттері Білім күнін мерекелік концертпен қарсы алды
1 қыркүйекте М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Аграрлық факультеттің бірінші курс студенттерімен салтанатты кездесу өтті. Шара жаңа оқу жылы

Халықаралық ынтымақтастық: Самарқанд мемлекеттік университетінің Ташкент филиалымен тәжірибе алмасу
М.Әуезов атындағы ОҚУ Аграрлық факультеті халықаралық әріптестікті белсенді дамытуды жалғастыруда. Оқу-әдістемелік және ғылыми ынтымақтастықты нығайту аясында «