★Аграрлық факультет
90 жылдық мерейтойға қатысу
2025 жылдың 4 қаңтарында Аграрлық факультетінің деканы Гүлнәр Тастанбекова өсімдік шаруашылығы саласындағы құрметті ғалым-ұстаз, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры, «Турон» ғылыми академиясының академигі Халима Атабаеваның 90 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Гүлнар Рахымбердіқызы Халима Назарқызын М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу университетінің басқарма төрағасы-ректорының міндетін атқарушы Ғани Бесбаевтың атынан құттықтап, сыйлықтар табыс етті. «Біздің университеттерімізді көп жылдық ынтымақтастық байланыстырады. Тәжірибелерімізбен алмасып, педагогикалық және ғылыми қызығушылықтар саласында дамып келеміз», - деді Гүлнәр Тастанбекова. – Мысалы, ғалымдарымыздың халықаралық конференцияларға қатысуы, лекциялар оқуы және академиялық ұтқырлық жақсы дәстүрге айналды».






Басқа жаңалықтар

Ветеринарлық медицина
+ Сарыбаев Ыктияр Уалибекович PhD доктор, кафедра меңгерушісі Байланыс мәліметтері: Ғимарат №9 , 102 кабинет Жұмыс телефоны: 87252-32-23-37 + Жанбырбаев Мухтар

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Аграрлық факультетінің бірінші курс студенттері Білім күнін мерекелік концертпен қарсы алды
1 қыркүйекте М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Аграрлық факультеттің бірінші курс студенттерімен салтанатты кездесу өтті. Шара жаңа оқу жылы

Халықаралық ынтымақтастық: Самарқанд мемлекеттік университетінің Ташкент филиалымен тәжірибе алмасу
М.Әуезов атындағы ОҚУ Аграрлық факультеті халықаралық әріптестікті белсенді дамытуды жалғастыруда. Оқу-әдістемелік және ғылыми ынтымақтастықты нығайту аясында «