★Аграрлық факультет
Аграрлық факультетте Ашық есік күні өтті
2025 жылғы 11 сәуірде Аграрлық факультетінде жыл сайынғы өткізілетін Ашық есік күніне Шымкент қаласы мен Сайрам ауданының жалпы білім беретін мектептерінің, мектеп-гимназиялары мен колледждерінің түлектері мен оқытушылары, сондай-ақ жұмыс берушілер шақырылды.
Кіріспе сөзінде «Аграрлық» факультетінің деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ҚР ҰАҒА корреспондент мүшесі Г.Р. Тастанбекова факультеттің мақсаттары, міндеттері және қызметінің негізгі бағыттары, ғылыми зертханалардың, «Жаскешу» және «Қайнар бұлақ» оқу шаруашылықтарының жұмысы туралы айтып берді.
Одан кейін кәсіптік бағдарлау орталығының басшысы Т.Т. Заурбеков, "Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы" кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты А.Жылқыбаев, "Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника" кафедрасының меңгерушісі, техникалық ғылымдардың кандидаты, қауымдастырылған профессор Г.Кенжалиева және "Ветеринарлық медицина" кафедрасының меңгерушісі, PhD Күзербаева А. сөз сөйледі.
Ашық есік күнінің қонақтары «Энза Заден Қазақстан» ЖШС аймақтық сауда өкілі Т.Қармановтың, «Су арнасы - 5С» ЖШС бас инженері Н.Сабдуайтовтың, Қазақ ветеринарлық ғылыми-зерттеу институты Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринарлық станциясының басшысы Б.Лесов, Польша мен Германияда академиялық ұтқырлық бойынша білім алған студенттер.
Іс-шараға 140-тан астам адам қатысып, М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-не түсу рәсімімен танысты және викторинаға қатысып, тарих саласындағы өз білімдерін сынады. Қатысушылар жетістіктер көрмесінен және таныстыру дәрістерінен аграрлық мамандықтар туралы қызықты мағлұмат алып, мамандықтар, оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізбесі туралы ақпаратпен үлестірме материалдар алды, Аграрлық факультет студенттерінің қатысуымен концерттік нөмірлерді тамашалады.



Басқа жаңалықтар

Ветеринарлық медицина
+ Сарыбаев Ыктияр Уалибекович PhD доктор, кафедра меңгерушісі Байланыс мәліметтері: Ғимарат №9 , 102 кабинет Жұмыс телефоны: 87252-32-23-37 + Жанбырбаев Мухтар

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Аграрлық факультетінің бірінші курс студенттері Білім күнін мерекелік концертпен қарсы алды
1 қыркүйекте М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Аграрлық факультеттің бірінші курс студенттерімен салтанатты кездесу өтті. Шара жаңа оқу жылы

Халықаралық ынтымақтастық: Самарқанд мемлекеттік университетінің Ташкент филиалымен тәжірибе алмасу
М.Әуезов атындағы ОҚУ Аграрлық факультеті халықаралық әріптестікті белсенді дамытуды жалғастыруда. Оқу-әдістемелік және ғылыми ынтымақтастықты нығайту аясында «