★Аграрлық факультет
М.Әуезов атындағы ОҚЗУ басқарма төрағасы-ректоры Аграрлық факультеттің оқу-тәжірибелік шаруашылықтарын бағалады
М.Әуезов атындағы ОҚЗУ басқарма төрағасы-ректоры Дархан Ахмед-Заки әкімшілік-шаруашылық қызмет жөніндегі директор Нұрлан Батырбаевпен бірге Аграрлық факультеттің оқу-тәжірибелік шаруашылықтарын аралап көрді. Сапар аясында олар «Жас кешу» агрокомплексі мен «Қайнар бұлақтағы» егістік алқаптарын аралады. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы университет ректорына агрокомплекстің меңгерушісі Айтбек Жұманбаев пен декан Гүлнара Тастанбекова айтып берді.
Оқу-тәжірибелік шаруашылықтарды аралау кезінде декан атап өткендей, дәл осы жерде студенттер практикадан өтеді, ал облыстың агроқұрылымдарының өкілдері озық тәжірибені қабылдайды. Мысалы, ғалымдар жоғары интенсивті бақшаны өсірудің заманауи технологияларын табысты ұсынады: тамшылатып суаруды қолдана отырып, қосымша тамақтандыру, қоюлатылған өсіру. Бақшадан басқа жүзімнің түрлі сұрыптарының коллекциясы таныстырылды. Бақ пен жүзiмдiктiң Аграрлық факультет студенттерiн практикалық оқыту және бiтiру бiлiктiлiк жұмыстарын дайындау үшiн алаң рөлiн атқаратыны маңызды.
Кездесу қорытындысы бойынша ректор бірқатар міндеттер қойып, қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.



Басқа жаңалықтар

Ветеринарлық медицина
+ Сарыбаев Ыктияр Уалибекович PhD доктор, кафедра меңгерушісі Байланыс мәліметтері: Ғимарат №9 , 102 кабинет Жұмыс телефоны: 87252-32-23-37 + Жанбырбаев Мухтар

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Аграрлық факультетінің бірінші курс студенттері Білім күнін мерекелік концертпен қарсы алды
1 қыркүйекте М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Аграрлық факультеттің бірінші курс студенттерімен салтанатты кездесу өтті. Шара жаңа оқу жылы

Халықаралық ынтымақтастық: Самарқанд мемлекеттік университетінің Ташкент филиалымен тәжірибе алмасу
М.Әуезов атындағы ОҚУ Аграрлық факультеті халықаралық әріптестікті белсенді дамытуды жалғастыруда. Оқу-әдістемелік және ғылыми ынтымақтастықты нығайту аясында «