★Аграрлық факультет

«Бақытты әйел» жобасын жүзеге асыру аясында Аграрлық факультетте семинар өткізілді

2025 жылғы 21 қарашада Шымкент қаласы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасымен бірлесіп «Бақытты әйел» жобасын іске асыру мақсатында Аграрлық факультеттің 135 студентімен кездесу өткізді. Кездесу жоғары деңгейде өтті.

Жобаның мақсаты - гендерлік мәдениетті арттыру, әйелдердің әлеуетін ашу және әлеуметтік бейімдеу үшін жағдай жасау, өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге рухани, заңгерлік және психологиялық қолдау көрсету.


← Барлық жаңалықтар