★Аграрлық факультет
Еуропалық стандарттарға курс: Аграрлық факультеттің басшылығы профессор М.М. Бүркітбаевтың дәрісіне қатысты
Аграрлық факультеттің деканы, қауымдастырылған профессор Гүлнәр Тастанбекова және деканның оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, магистр Бота Әбсатова Директорлар кеңесінің төрағасы, химия ғылымдарының докторы, профессор Мұхамбеткали Мырзабайұлы Бүркітбаевтың дәрісіне қатысты.
Дәрістің тақырыбы - «ENAEE and the EUR-ACE® Labels: A European Policy Instrument for Quality and Mobility in Engineering Education» - инженерлік бағдарламаларды аккредиттеудің стратегиялық мәселелерін қозғайтындықтан, үлкен қызығушылық тудырды.
Профессор М.Бүркітбаев Инженерлік білім беруді аккредиттеу жөніндегі еуропалық желінің (ENAEE) рөлі мен EUR-ACE® сапа белгісінің маңызын егжей-тегжейлі атап өтті. Бұл студенттердің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету және халықаралық еңбек нарығында инженер түлектердің біліктілігін тану үшін негізгі құрал болып табылады.
Су шаруашылығы, жерге орналастыру және агротехника саласындағы мамандарды шығаратын Аграрлық факультет үшін EUR-ACE® стандарттарын енгізу жаңа көкжиектерді ашады:
- Білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- Еуропа елдерінде дипломдарды тану рәсімін жеңілдету;
- Студенттер мен оқытушылардың халықаралық ұтқырлығын ынталандыру.
Факультет басшылығының еуропалық сапа құралдарын талқылауға қатысуы оқу процесін жаңғыртуға және болашақ мамандарды даярлауға озық ғылыми тәжірибені енгізуге ұмтылысын растайды.



Басқа жаңалықтар

Ветеринарлық медицина
+ Сарыбаев Ыктияр Уалибекович PhD доктор, кафедра меңгерушісі Байланыс мәліметтері: Ғимарат №9 , 102 кабинет Жұмыс телефоны: 87252-32-23-37 + Жанбырбаев Мухтар

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Аграрлық факультетінің бірінші курс студенттері Білім күнін мерекелік концертпен қарсы алды
1 қыркүйекте М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Аграрлық факультеттің бірінші курс студенттерімен салтанатты кездесу өтті. Шара жаңа оқу жылы

Халықаралық ынтымақтастық: Самарқанд мемлекеттік университетінің Ташкент филиалымен тәжірибе алмасу
М.Әуезов атындағы ОҚУ Аграрлық факультеті халықаралық әріптестікті белсенді дамытуды жалғастыруда. Оқу-әдістемелік және ғылыми ынтымақтастықты нығайту аясында «