★Аграрлық факультет
Аграрлық факультет деканының орынбасары Wikipedia-дағы жұмыс бойынша семинарға қатысты
2026 жылғы 8 сәуірде Аграрлық факультет деканының ғылым және инновациялар жөніндегі орынбасары, PhD докторы Сәуле Шеримова «Wikipedia ашық энциклопедиясындағы жұмыс» атты оқу семинарына қатысты.
Іс-шара ғылымды дәріптеу және жоғары оқу орнының академиялық ашықтығын арттыру үшін заманауи цифрлық құралдарды игеруге бағытталған. Семинар барысында мақалаларды жасау мен түзетудің техникалық аспектілерінен бастап, деректерді верификациялау және беделді көздерді пайдалану ережелерін сақтауға дейінгі жаһандық энциклопедиямен жұмыс істеудің негізгі қағидаттары қаралды.
Факультет басшылығы өкілінің осындай семинарға қатысуы Аграрлық факультеттің коммуникацияның инновациялық әдістерін белсенді дамытуға ұмтылысын көрсетеді. Алынған дағдылар факультеттiң ғылыми жетiстiктерiн әлемдiк цифрлық кеңiстiкте неғұрлым тиiмдi жылжытуға және ауыл шаруашылығы саласындағы өзектi бiлiмдерге кең аудиторияның қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
«Wikipedia сияқты ашық платформаларды пайдалану біздің ғылымды жаһандық ақпараттық қоғамдастыққа ықпалдастыруға жаңа мүмкіндіктер ашады», - деп атап өтті Сәуле Шеримова оқу семинарының қорытындысы бойынша.


Басқа жаңалықтар

Ветеринарлық медицина
+ Сарыбаев Ыктияр Уалибекович PhD доктор, кафедра меңгерушісі Байланыс мәліметтері: Ғимарат №9 , 102 кабинет Жұмыс телефоны: 87252-32-23-37 + Жанбырбаев Мухтар

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Аграрлық факультетінің бірінші курс студенттері Білім күнін мерекелік концертпен қарсы алды
1 қыркүйекте М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Аграрлық факультеттің бірінші курс студенттерімен салтанатты кездесу өтті. Шара жаңа оқу жылы

Халықаралық ынтымақтастық: Самарқанд мемлекеттік университетінің Ташкент филиалымен тәжірибе алмасу
М.Әуезов атындағы ОҚУ Аграрлық факультеті халықаралық әріптестікті белсенді дамытуды жалғастыруда. Оқу-әдістемелік және ғылыми ынтымақтастықты нығайту аясында «