★Аграрлық факультет
Сенің заманауи Агро жолың: Аграрлық факультет болашақ талапкерлер үшін Ашық есік күнін өткізді
2026 жылғы 15 сәуірде Аграрлық факультетте ауқымды кәсіптік бағдарлау іс-шарасы - Ашық есік күні өтті. Факультет қабырғасында Шымкент қаласы мен Сайрам ауданының 150-ден астам мектеп және колледж түлектері аграрлық саладағы білім беру бағдарламаларымен және оқыту перспективаларымен танысу үшін жиналды.
Факультет деканы, қауымдастырылған профессор, ҚР ҰАҒА корреспондент мүшесі Г.Р.Тастанбекова, «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты А.К. Жылқыбаев, «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының доценті, PhD докторы Қ.Әбдешев пен «Ветеринарлық медицина» кафедрасының аға оқытушысы, магистр А.Қамбаров даярлықтың сұранысқа ие бағыттары туралы айтып, бұл мамандықтардың еліміздің оңтүстік өңірі үшін өзектілігін атап өтті.
"Біз Сайрам ауданы мен біздің қаламыздан осындай мақсатты жастарды көргенімізге қуаныштымыз. Аграрлық сектор бүгінде цифрлық технологияларды меңгерген жас мамандарға мұқтаж және біздің факультет осы білімді беруге дайын", - деп атап өтті Гүлнәр Тастанбекова.
Қонақтар үшін факультет бойынша викторина мен экскурсия, кітапхана, дәріс және спорт залдарын аралау ұйымдастырылды. Түлектер студенттермен жеке әңгімелесіп, факультеттің сабақтан тыс өмірімен танысты.




Басқа жаңалықтар

Ветеринарлық медицина
+ Сарыбаев Ыктияр Уалибекович PhD доктор, кафедра меңгерушісі Байланыс мәліметтері: Ғимарат №9 , 102 кабинет Жұмыс телефоны: 87252-32-23-37 + Жанбырбаев Мухтар

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Аграрлық факультетінің бірінші курс студенттері Білім күнін мерекелік концертпен қарсы алды
1 қыркүйекте М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Аграрлық факультеттің бірінші курс студенттерімен салтанатты кездесу өтті. Шара жаңа оқу жылы

Халықаралық ынтымақтастық: Самарқанд мемлекеттік университетінің Ташкент филиалымен тәжірибе алмасу
М.Әуезов атындағы ОҚУ Аграрлық факультеті халықаралық әріптестікті белсенді дамытуды жалғастыруда. Оқу-әдістемелік және ғылыми ынтымақтастықты нығайту аясында «