02.03.18ж факультетіміздің акт залында университет жанынан ашылған «Психологиялық көмек көрсету» орталығының мамандарымен «Сен өзіңді ойлағаннан да мықтысың, оят өзіңді!» тақырыбында мотивациялық семинар өтті. Семинарға психологиялық көмек көрсету орталығының жетекшісі Айтжанова Гүлнар, бас мамандары Дайырова Айзат және Стаева Айгерім қатысты. Семинарды Айтжанова Гүлнар ханым өз баяндамасымен ашып берді. Баяндама барысында ол өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екенін түсіндіре отырып, әрбір адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыруы керектігін тыңдаушыларға кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар орталықтың бас маманы Дайырова Айзат тыңдаушылармен топтық-психологиялық тренинг-жаттығулар жүргізіп, қатысушыларға позитивті көңіл-күй сыйлады. Семинар соңында барлық қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, бір-біріне жақсы тілектер айтып тарқасты.
Сен өзіңді ойлағаннан да мықтысың, оят өзіңді!
Мынаны да оқыңыз

Кәсіби мереке құтты болсын!
Құрметті бухгалтерлік есеп және аудит саласының қызметкерлері, ардақты ұстаздар мен қадірлі студенттер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бухгалтерлік е…

Кәсіби мереке құтты болсын!
Құрметті цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласының мамандары, ардақты ұстаздар мен студенттер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Цифрландыру ж…

Ел мақтанышы – Сабырхан Төрехан
Қазақ елінің абыройын асқақтатып, Көк байрағымызды биікте желбіреткен «Спорт және туризм» факультетінің студенті Сабырхан Төреханның дүбірлі жеңісін б…