Студенттік өмір

СЛОВАКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2018 ж. ҰЛТТЫҚ СТИПЕНДИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ.

Словакия Республикасының Ұлттық стипендиялық бағдарламасы шетелдік студенттерге, аспиранттарға, университет оқытушыларына, ғылыми қызметкерлерге,өнер саласындағы қызметкерлерге Словакияның жоғарғы оқу орындарында және ғылыми ұйымдарындакелесі 2018-2019оқу жылы тәжірибеден өту бағдарламасын ұсынады.

ҰСБ шеңберінде стипендия үшін үміттене алады:

Тағылымдама мерзімі:

  • студенттер,
  • аспиранттар,
  • университет оқытушылары,
  • ғылыми қызметкерлер
  • өнер саласындағы қызметкерлер
  • Cтуденттер үшін - 1-2 семестр (4-5 немесе 9-10 ай), триместр болса (3-4 немесе 6-10 ай).
  • Аспиранттарға, университет мұғалімдеріне, ғылыми қызметкерлер мен өнер саласындағы қызметкерлер үшін тағылымдама мерзімі 1 айдан 10 айға дейін.

Ай сайынғы стипендия мөлшері:

А)ЖОО студенті - 350 €

Ә)аспирант - 580 €

Б)университет оқытушысы/ғылыми қызметкер/өнер саласындағы қызметкер 850 € ден 1 000 € дейін.

Өтініштерді тапсырудың соңғы мерзімі - 30 сәуір 2018ж. сағат 16.00-ге дейін.

Стипендия алу үшін өтінімдердіwww.scholarships.sk. сайтында онлайн тапсыруға болады. Онлайн өтінімді беру жүйесі өтініштерді тапсырудың соңғы мерзімінен 6 апта бұрын ашылады. Өтініштерді онлайн өтінім жүйесі ашылғаннан кейін тапсыруға болады.

Бағдарламаларға қатысу бойынша толық ақпарат алу үшін М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Халықаралық байланыстар орталығына келулеріңізді сұранамыз. Мекен-жай: «В» ғимараты, 2-қабат, 217-кабинет Тел.: 21-41-54, E-mail:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

Халықаралық байланыстар орталығы

М.Әуезов атындағы ОҚМУ

Бөлісу:TelegramWhatsApp

← Жаңалықтарға