14 ақпан 2019 жыл Кеңес әскерлерінің Ауған Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әскери кафедра оқытушы профессорлық құрамы мен студенттері қалалық «Абай саябағындағы » Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналаған ескерткіш жаныңда «Ауған алауы» атты салтанатты жиынға сапқа тұрғызылды.Өткізілген іс-шарада әскери кафедра бастығы полковник Кенжебаев Жақып Амангелдіұлы әскери кафедрада қызмет етуші Ауған соғысы ардагерлерін алғыс хатпен марапаттап , естелік сыйлықтар табыстады.









