ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 15.10.2020ж ЖОО-ның Әдеп жөніндегі уәкілі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл бойынша жауапты тұлғаларымен онлайн-кездесу өткізілді. Кездесуде министрліктің жауапты хатшысы Қанат Маратұлы ЖОО-ның жауапты тұлғаларына ұжымдағы әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бойынша ішкі нормативтік құжаттарды қызметкерлердің барлық категориясымен талқылау, түсіндіру бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.


