25.12.2020 ж Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен ЖОО-ның Әдеп жөніндегі уәкілі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл бойынша жауапты тұлғаларымен онлайн-кездесу өткізілді. Кездесу барысында министрліктің жауапты хатшысы Қанат Маратұлы ЖОО-ның жауапты тұлғаларына нақты тапсырмалар беріп, М.Әуезов атындағы ОҚУ ұжымына «Саналы ұрпақ» клубы мүшелері «Үздік әлеуметтік бейнеролик» байқауында жеңіске жеткені үшін алғыс білдірді.


