22.01.2021ж М.Әуезов атындағы ОҚУ басшылық құрамы мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы және академияның Шымкент қалалық филиалы өкілдері қатысуымен университеттің ISO: 37001 "Жемқорлықпен күрес менеджменті жүйесі" халықаралық стандартын енгізуге дайындығы талқыланды. Онлайн семинар барысында академия қызметкерлері аталған стандарттың маңызын, тиімділігін түсіндіріп, өзіндік тәжірибелері негізінде әдістемелік ұсынымдарын берді.


