М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 26-30 сәуір аралығында «ШЫМКЕНТ: МЫҢЖЫЛДЫҚТАР ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» атты рухани жаңғыру апталық форумы өткізіледі «ШЫМКЕНТ: МЫҢЖЫЛДЫҚТАР ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» атты рухани жаңғыру апталық форумы шеңберінде: І. 26.04.2021 ж. «ШЫМКЕНТ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ДАМУ КӨКЖИЕГІ» ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛЕДІ. Конференцияның идеясы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлттық бірегейлікті сақтау» басымдығы, «Туған жер», «Қазақстанның сакралды географиясы» арнайы жобаларының іске асыру. 2019 жылы қыркүйек айында Шымкент қаласындағы іс-сапарында мегаполистің болашағын пайымдаған қаланың «...дамуы Қазақстанның өркендеуі үшін қажет. Келешекте мемлекеттер мен халықтар арасындағы бәсеке ірі қалалар арасында жүреді. Қалаларда заманауи технологияларды меңгерген адами капитал шоғырланатынын білесіздер. Қаланы дамытудың жаңа стратегиясы, осы өңірде ірі өнеркәсіптік, инновациялық, туристік, сауда және логистикалық орталық қалыптастыруға бағытталуы қажет», - деп нақтылаған сөзі негізінде Шымкент қаласының Орталық Азияның орталығына айналуы ортақ мүдде екенін пайымдай отырып, сонымен қатар 2021 жылы 5 қаңтардағы Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» атты мақаласында жаңа сипаттағы Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазуды дереу бастауға берілген тапсырмасын іске асыру үшін 2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласының дамуының барлық кезеңдері мен бағыттарын қамтыған ауқымды зерттеу еңбектерінің жинағын жарыққа шығару көзделіп отыр. 2200 жылдан астам тарихы бар Шымкент «уақыт толқынында» тағдарлы талайлы кезеңдерді бастан кешіре отырып, өз дамуында протоқала, бекіністік мекен, Ұлы Жібек Жолының сауда бекеті, уездік қала, губерниялық қала, облыс орталығы секілді деңгейлерге қол жеткізіп ХХІ ғасырда Қазақстанның 3-ші қаласы – мегаполис деңгейіне де жетті. Конференция жұмысында келесідей мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілмек:

- Шымкенттің 2200 жылдық тарихы мен бүгінгі күндегі тынысын терең ғылыми зерттеу негізінде қаланың алғаш рет пайда болуы мен қалыптасуына және әртүрлі тарихи кезеңдердегі саяси-экономикалық, мәдени, демографиялық дамуына ретроспективалық экскурс жасау;
- Шымкент мегаполисінің қазіргі таңда экономикалық перспективалық бағыттарын дамытуға мүмкіндік беретін салалардың дамуына талдау жасау;
- мегаполисті туристерге танымал ету, қаланың дербес келбеті мен сәулетін ілгерілету үшін зерттеулер мен жобалар жасау;
- мегаполистің ХХІ ғасырдағы ғылым, білім беру салаларының, инфрақұрылымының, халықаралық қатынастары мен туристік кластер, өнеркәсібінің дамуы мәселелерін нығайту мәселелері қарастырылады және қатысушылар өз еңбектерімен келесі секцияларды таныстырады.
- Қалалар тарихын зерттеудің әдіснамасы, деректану және тарихнамасы;
- 2200 жылдық Шымкент: қалыптасуы мен тарихи кезендері;
- Қазақстанның құнды адами капиталын дамыту – сапалы білім, тәрбие және серпінді ғылым;
- Шымкент мегаполисі инновациялық кәсіпкерлік алаңшасы: техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы.
- «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы жөніндегі қоғамдық кеңесі;
- «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының «Білім және ғылымды дамыту» жөніндегі қоғамдық кеңесі;
- «Nur Otan» партиясы жанындағы экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңесі;
- Шымкент қаласының «Жас Отан» жастар қанаты;
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы;
- Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі;
- Шымкент қалалық мемлекеттік архиві;
- Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер Басқармасының «әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы»;
- Шымкент қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығы;
- Шымкент Туризм орталығы;
- «БАЛ ТЕКСТИЛЬ» кілем фабрикасы, Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты сияқты экономика саласының өкілдері;
- Шымкент қалалық этномәдени бірлестіктері;
- Шымкент қаласының халықаралық деңгейдегі байланыстары туралы мәселе үшін арнайы түрде Гази университетінің «Педагогика бағытындағы білім беру» институты (Түркия, Анкара қаласы) қатысады.
- М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттерінің патриоттық сезімдерін тәрбиелеу;
- Студенттерді Шымкент қаласының мәдени-тарихи мұрасын зерттеуге тарту;
- Ішкі туризмді дамытуды және Шымкент қаласына экскурсияларды насихаттау.
- Қатысушылар арасында экскурсия жүргізуші дағдыларын меңгерген өз қаласының нағыз патриоттарын анықтау.
- Шымкент қаласының тарихи-мәдени және архитектуралық мұрасын және қазіргі мүмкіндіктерін зерттеу;
- Қатысушыларды Шымкент қаласының картасымен және барлық мәдениет, тарих, демалыс және ойын-сауық нысандарымен таныстыру;
- Жергілікті жерде бағдарлау бойынша қатысушылардың қабілеттерін бағалау.
Осы үшін университеттің жоғары мектептері, факультеттері және колледжінен әрқайсысы 3 студенттен құралатын командалар 1-ші кезеңнен өтіп жасақталды.
- 30.04.2021 ж. «ШЫМКЕНТ: МЫҢЖЫЛДЫҚТАР ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» атты апталығын салтанатты жабылуы (белсенді қатысушыларды марапаттау).

← Алдыңғы жаңалықУниверситетімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ғылым мен технологиялар айлығына арналған іс-шаралар жалғасуда.Келесі жаңалық →М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 26-30 сәуір аралығында «ШЫМКЕНТ: МЫҢЖЫЛДЫҚТАР ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» атты рухани жаңғыру апталық форумы өткі


