Ғылым

06.10.2021ж​ М.Әуезов атындағы ОҚУ «Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» жоғары мектебінің 1-курс білім алушыларына университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты жайлы толық ақпарат берілді.

06.10.2021ж​ М.Әуезов атындағы ОҚУ «Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» жоғары мектебінің 1-курс білім алушыларына университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты,​ Әдеп кодексі, Академиялық адалдық ережелері түсіндіріліп, «Сенім телефоны», «14-24», «Ректор блогы» мен өзге де байланыс арналары таныстырылды.​ «Parasat» - сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы м.а. Г.С.Дулатова және «Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» жоғары мектебінің деканы Н.К.Мадияров академиялық адалдық, парасаттылық құндылықтарын насихаттап, 1-курс студенттерін «Sanaly urpaq» клубы құрамына қабылдау​ туралы ақпарат берді.
Бөлісу:TelegramWhatsApp

← Жаңалықтарға