Ғылым

Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні

12.04.22ж. М.Әуезов атындағы ОҚУ-де «Қазақстан Ғылым қызметкерлері күніне» арналған салтанатты іс-шарасы өтті.М.Әуезов атындағы ОҚУ–нің бірінші проректоры Қ.Э. Нұрманбетов құттықтау сөз сөйледі.Ол өз сөзінде қазіргі әлемдегі ғылымның маңыздылығын атап өтті. Ғылым-қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының қозғаушы күші. Ғылымның маңыздылығын асыра бағалау қиын, әсіресе бұл дүниежүзілік коронавирустық пандемия кезінде айқын көрінді.Ғалымдардың табанды еңбектерінің арқасында біз қиын жағдайлардан құтыла белдік.Университетіміздің ардагер-ғалым профессорлары Байбулекова А.Б., Нурашева К. К. ЖОО-дағы ғылыми мектептер, дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығы атап өтті.М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің жас ғалымдар атағына лайықты екенін атап өтті.Ерекше көзге түскен университет ғалымдарына салтанатты түрде ЖОО басшылығынан құрмет грамоталар, алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Бөлісу:TelegramWhatsApp

← Жаңалықтарға