Студенттік өмір

М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері Ақтөбе қаласынан І орын алып келді

16-17 желтоқсан күндері Ақтөбе қаласының Жастар ресурстық орталығы және «Заман біздікі» интеллектуалды элиталар одағының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік ұрпақтары: Елге қызмет,қоғамға пайда, болашаққа бағдар» атты ашық аймақтық пікірсайыс турнирі өткен болатын.

Аталған турнирде университетіміздің жанынан құралған «AQIQAT» ПО ұйымының мүшелері Абжан Темірхан мен Аймахан Ерасыл жүлделі I орынды иеленді. Сонымен қатар, Линкольн-Дуглас форматы бойынша Абжан Темірхан «Үздік спикер» атанды. Студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Бөлісу:TelegramWhatsApp

← Жаңалықтарға