Университет өмірі

«Заманауи оқыту технологиялары»

«Заманауи оқыту технологиялары»

2023 жылы қаңтар айының 10.01-20.01.2023 мерзімі аралығында университет профессор-оқытушылар құрамының кәсіби
құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған «Заманауи оқыту технологиялары» курсы өтуде.
Курс тыңдаушылары аталған курс барысында төмендегі модульдер бойынша теориялық және әдістемелік біліктілігін арттырып, шеберліктерін шыңдайды.

  • Студентке бағдарланған білім беру, оқыту, бағалау, негізгі принциптері. Университеттің білім беру қызметін әдістемелік қамтамасыз ету.
  • Оқу контентінің нақты кәсіптік міндеттермен байланысы.
  • ЕСТS білім беру бағдарламаларын даярлау, жүзеге асыру, мониторинг жасау және сапасын қамтамасыз ету құралы.
  • Білім беруді трансформациялау трендтері: оқытушының әсері мен ролі.
  • ЖОО оқу процесінде оқу және жазу арқылы сыни ойлау қабілетін дамыту технологиясы.
  • Инклюзивті білім беру негіздері. Білім берудегі практикалық психология.
  • Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдалана отырып, оқу бағдарламаларын қайта жаңғырту.

Бөлісу:TelegramWhatsApp

← Жаңалықтарға