Ұлы Жеңіс күніне орай, "Мәдениет және өнер" факультетінің сахнасында "Өнер" кафедрасының жанынан құрылған "Өркен" студенттік театры драматург Д.Исабековтың "Тыныштық күзетшісі" спектаклін сахналады. Спектакль сұрапыл соғыс жылдарындағы қазақтардың тылдағы ерен еңбектері мен ерліктері туралы қозғайды. Бүгін киелі сахнаның төрінде студенттеріміз нағыз болашақ өнер жұлдыздары екендіктерін көрсетті. Әрбір көрерменнің назарын өзіне аудара алды. Керемет көрініс!!
















