Университет өмірі

“Шымкент аруы-2024” сұлулық байқауына іріктеу өтті

Sulumodels модельдік агенттігінің ұйымдасытруымен 19.05.2024 ж Жастар Ресурстық орталығында “Шымкент аруы-2024” сұлулық байқауына іріктеу өтті.

Іріктеу кезеңіне Шымкент қаласындағы ең сұлу деген 40тан аса ару қатысып, ішінен байқауға 17 қыз іріктеліп алынды.

Қазылар алқасында М.Әуезов атындағы ОҚГуниверситетінің 4-курс студенті “Шымкент аруы-2023” Арыстан Аружан отырды.

Айта кетелік Аружан “Қазақстан аруы-2023” байқауына қатысып ТОП-12 ару қатарына енген болатын.

Ал іріктеуден өткен қыздарға күз айында өтетін “Шымкент аруы-2024” байқауына сәттілік тілейміз!
Бөлісу:TelegramWhatsApp

← Жаңалықтарға