Мәдениет және спорт

Әбілхайыр ашық чемпионатта биіктен көрінді!

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті «Сәулет, құрылыс және көлік» факультеті, СМ-22-5к7 тобының студенті Абдрасилов Әбілхайыр Абдрайымұлы 2025 жылдың 28 қазанында ушу-саньдадан жасөспірімдер және жастар арасындағы Шымкент қаласында УШУ-Кунг-ФУ бойынша ашық чемпионатта 90 кг салмақ дәрежесінде II-ші орынды иеленді.
Әбілхайыр бүгінге дейін бірнеше республикалық, халықаралық, аймақтық деңгейдегі басқа да спорттық жарыстарда өзін тек жеңістерімен көрсетіп келеді. Әбілхайырдың жетістігі - тек өзінің ғана емес, университетіміздің мақтанышы.
Университет және факультет атынан Әбілхайырды марапатымен шын құттықтаймыз! Жаңа табыстар мен үлкен жетістіктер тілейміз!
Бөлісу:TelegramWhatsApp

← Жаңалықтарға