Халықаралық

Қазақстан математиктерінің бірінші конгресі: Auezov University ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Қазақстан математиктерінің Бірінші конгресі аясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті білім, ғылымды дамыту және жаңа технологияларды ілгерілету мақсатындағы меморандумға қол қойды. Университеттің Басқарма-Төрағасы Дархан Ахмед-Заки «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес Акционерлік Қоғамымен ынтымақтастық, сондай-ақ EGO Robotics және СТО ДМ компаниялары арасындағы үшжақты келісімге ресми түрде қол қойды.
Меморандумның негізгі мақсаты – білім беру және ғылыми-зерттеу салаларында ынтымақтастықты дамыту, математикалық және инженерлік білімді ілгерілету, сондай-ақ студенттер мен жас ғалымдар үшін бірлескен жобалар мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады.
Бөлісу:TelegramWhatsApp

← Жаңалықтарға