Университет өмірі

Қазақстан құрамасы сапындағы Максим Сказобцов

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Спорт және туризм факультетінің студенті Максим Сказобцов Азия ойындарында жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетті.
Ерлер арасындағы 4×100 м кешенді эстафетаның финалында Қазақстан құрамасы 3:36.46 нәтижесімен 4-орынға тұрақтады.
Сонымен қатар Максим 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде финалға өтіп, 52.06 секунд нәтижесімен 7-орын иеленді.
Осылайша, студентіміз Азия ойындарындағы жарысын аяқтап, халықаралық додада Қазақстан намысын абыроймен қорғады.
Алға, Қазақстан!
Бөлісу:TelegramWhatsApp

← Жаңалықтарға