Университет өмірі

«Арнау кеші» – өнер мен бірлік мерекесі

«Басқару және бизнес» жоғары мектебінің студенттері бірінші курс белсенділеріне арнап ерекше «Арнау кешін» ұйымдастырды.

Әсем ән, заманауи би және әсерлі өнер көрсетілімдері арқылы жоғары курс студенттері жас толқынға жылы лебіздерін білдіріп, университеттегі қызықты студенттік өмірге «Қош келдіңіздер!» деді.

Шығармашылық пен шаттыққа толы кеш жаңадан келген студенттерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жастар арасындағы достық пен бірлікті нығайта түсті.

«Басқару және бизнес» – білім мен шығармашылық тоғысқан орта!
Бөлісу:TelegramWhatsApp

← Жаңалықтарға