★Faculty of Law
«Құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу тұжырымдамасы»



2021 жылдың 25 маусым күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Заң факультеті Шымкент қаласының сот, прокуратура және құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен «Құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу тұжырымдамасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласының прокуратурасы, сот, Полиция департаменті, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеулер Департаментінің өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде қылмыстық қудалау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында нақты бөліп, үш буынды модельді енгізе отырып, ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы) дамыған елдерінің үлгісі бойынша қылмыстық саланы жаңғырту мәселелерін қарастыру.
More news

We wholeheartedly congratulate !
We wholeheartedly congratulate Zhassulan Balabekovich Orynbayev, senior lecturer in the Department of International Relations and International Law at the Facul

Initiative between students and teachers
Kairat Tleubergenovich Bimenov, a senior lecturer at our department at M. Auezov South Kazakhstan University, and students from our department actively particip

Our department actively participated in the autumn city marathon
In 2026, Senior Lecturer of our department, Kairat Tleubergenuly Bimenov, actively participated in the autumn city marathon held in Shymkent. This sporting even