★UKU College
«Worldskills Kazakhstan-2018»
2018 жылдың 6 наурызында «Worldskills Kazakhstan-2018» Чемпионаты байқауының аясында колледж ашық есік күнін өткізді. Колледж оқытушылары мен білімгерлері өз таңдаған мамандықтарының маңыздылығын, заманауи техникалық тұрғыдан өркендеп дамуын және техникалық мамандардың алда әлі үлкен ізденістердің, зерттеулердің қажеттілігімен таныстырды. «Worldskills Kazakhstan-2018» сайысында білімгерлер жасаған жұмыстарын таныстырып қана қоймай, оның қазіргі кезеңде қолдану аясын, тиімділігін, ерекшелігін көрсетіп тиісті орындарын алды. Атап айтқанда, «Құрылыс бұйымдары мен құрылымдар өндірісі» мамандығының білімгері Шымырбай Жандос «Болашақ колледж» жобасын таныстырды, жетекшісі Асанова А; «Трикотаж, тоқыма, галантерея бұйымдары» мамандығының білімгері Тағаева Аружан өз жобасын таныстырды, жетекшісі Шертаева М.; «Машина құрылысы технологиясы» мамандығының білімгерлері Тохтасынов Суннатбек «Маторлы қайық құрастыру» жоба жетекшісі Оралова М., Тұрғымбай Нұрдаулет «Медициналық шприц арқылы гидравликалық экскаватор жасау» жоба жетекшісі Әкімқұл Ә. өз еңбектерімен таныстырды. Осындай ғылыми жобалар орта буындағы кәсіби мамандардың, білімгерлердің санасында жаңа тың идеяларды тудыратыны ақиқат.
Қала мектептерінен келген 500 аса оқушылар М.Әуезов ОҚМУ колледжінің «Колледж тынысы» көрмесімен, материалдық-техникалық базасымен, «Мамандықтар әлемімен» танысып, колледж білімгерлерінің дайындаған концертін тамашалады.



More news

Congratulations on your victory!
+ + + Organized by the Methodological Center of the Shymkent City Education Department, at the National College League held among city students, the girls’ team

R.A. Abishev, Deputy Director for Educational Affairs of the college at M. Auezov South Kazakhstan University, conducted an online seminar for the college teachers on the topic: “Education and Labor as Strategic Values: Human Capital Development.”
+ + + On April 17, 2026, at 3:00 PM, the Ministry of Education of the Republic of Kazakhstan organized and held an online seminar via the ZOOM platform. As part

“Al-Farabi’s Influence on Western Civilization”
+ + + On April 23, students of the college at M. Auezov South Kazakhstan University participated in a readers’ conference titled “Al-Farabi’s Influence on Weste